Президентті ұлықтау рәсімі қашан өтеді?

 26 қарашада Қасым-Жомарт Тоқаевты ұлықтау рәсімі өтеді. Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясының отырысында айтылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Орталық сайлау комиссиясы Қасым-Жомарт Тоқаевты Қазақстан Республикасының сайланған Президенті ретінде тіркеді. Сайланған Президенттің ант беру күні 26 қарашаға белгіленді", - деді ОСК төрағасы Нұрлан Әбдіров.

Еске салайық, бүгін Орталық сайлау комиссиясының отырысында 20 қарашада өткен Қазақстан президентін сайлаудың ресми қорытындылары жарияланды. Қорытынды бойынша, Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Президенті болып сайланды.

@massaget.kz #сайлау2022#қасымжомарттоқаев#2022#қазақстан#казахстан#выборы#2022#рек#хочуврек#новости ♬ оригинальный звук - Massaget.kz

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!