"Бойында тұнып тұрған өнер". Түсініксіз тілде суырыпсалма өнер көрсеткен әнші Желіні тәнті етті

"Бойында тұнып тұрған өнер". Түсініксіз тілде суырыпсалма өнер көрсеткен әнші Желіні тәнті етті

Qanay лақап атымен танылған әнші Нұрболат Қанай "Түнгі студия" бағдарламасында әр тілдегі әндерді импровизациямен айтып, Желіні тәнті етті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бағдарлама жүргізушілері әншіге тапсырма берген. 

"Сенде түсініксіз тілдер бар. Бірақ кейде ағылшыншаға ұқсап жатады, кейде француз тіліне ұқсайды. Тіл де аяқасты шығады", - дейді жүргізуші. 

Осылайша, Нұрболатқа суырыпсала әртүрлі тілде ән айту қажет болған. 

Нұрболат қойылған әнге ағылшын, вьетнам, қытай, араб, француз тілдерінде, бірақ түсініксіз тілде ән айта бастайды. Тіл білмейтін адамға әнші расында сол тілдерде ән айтып жатқандай көрінеді. 

"Қанайдың бойында тұнып тұрған өнер бар екені хақ. Таңданамын. Сөздердің ұйқасуы керемет", "Қанай үлкен сахнада жүрсе де, кішкентай арманына адал жігіт екен, ақ жол, армандары орындалсын!", "Қанай хит қой. Мықты әнші. Қанайдың арқасында қанша шетелдік қазақ тіліне сүйсініп жүр. Дами бер!!!", "Қанай жарайсың. Өнерлі жігіт биіктерден көріне бер", - деп жазды Желі қолданушылары.   

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина