Ыстамбұлдағы метро бекетінде атыс естілді - БАҚ

Ыстамбұлдағы метро бекетінде атыс естілді - БАҚ

Ыстамбұлдағы Шишхан метро бекетінде атыстар естілді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі habererk.com сайтына сілтеме жасап. 

Басылым мәліметінше, полиция бір бейбіт азаматты атып жіберген болуы мүмкін. Оның қасындағы бейбіт тұрғындар жақын маңдағы дүкендерге тығылып үлгерген. БАҚ мәліметінше, атыс бірнеше минутқа созылған, 50-60 атыс естілген. 

Еске салайық, бұған дейін Ыстамбұлдағы туристік орталықта жарылыс болғаны хабарланған еді. Соңғы мәліметтер бойынша, алты адам қаза тауып, 53 адам зардап шеккен. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина