Астанада екі жұмысшы 14-қабаттан құлап кетті: біреуі қаза болды

Астанада жұмысшылар 14-қабаттан құлап кетті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Polisia.kz мәліметінше, 11 қарашада Астана полициясына жұмысшылар жоғарғы қабаттан құлағаны туралы хабарлама түскен.

Мән-жайларды анықтау барысында тұрғын үй кешенінің 14-қабатындағы құрылыс жабдығында тұрған екі жұмысшы құлағап кеткені анықталды.

"Алған жарақатынан құлағандардың бірі сол жерде қаза болды, ал екіншісі ауруханаға жатқызылды", - деді полиция өкілдері.

Бұл дерек бойынша соталды тергеу басталды. Қажетті сараптамалар тағайындалды.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!