Александр Бублик Флоренциядағы турнирдің ширек финалында жеңілді

Қазақстанның бірінші нөмірлі теннисшісі Александр Бублик Флоренция (Италия) қаласындағы АТР 250 турнирінің жартылай финалына шыға алмады, - деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі. 

Ширек финалда АТР рейтингінде 43 орында тұрған Бублик 75 сатыға жайғасқан америкалық Джефф Вольфпен кездесті. 

Қазақстандық теннисшісі 6:3 есебімен бірінші сетті жеңген еді. Алайда кейінгі сеттерді 5:7 және 1:6 есебімен жеңіліп қалды. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!