"Осыны қаладыңыз ба?" Тоқаев пен Лукашенко арасында қызық диалог болды

"Осыны қаладыңыз ба?" Тоқаев пен Лукашенко арасында қызық диалог болды

ТМД мемлекеттері басшылары кеңесінде Қазақстан және Беларусь президенттері арасында қызық диалог орнады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Кеңес барысында Қасым-Жомарт Тоқаев құжаттарға қол қою процесіне өтуді ұсынған болатын, себебі қосымша талқылау қажет болмады. Алайда Беларусь президенті Қазақстан Президенті не үшін ТМД Атқарушы хатшысының лауазымы ТМД Бас хатшысы болып өзгеретінін жарияламағанын сұрады. 

"Қасым-Жомарт Кемелұлы, жарияламадыңыз ба не? Біз Бас хатшыны жариялаған жоқпыз, сайладық", - деді Лукашенко. 

"Александр Григорьевич, төрағаны сынау сіздің сүйікті ісіңізге айналған ба?", - деп әзілдеп жауап берді Тоқаев.

Қазақстан Президенті шағын форматта ТМД елдерінің көшбасшылары ТМД Атқарушы хатшысының лауазымын ТМД Бас хатшысы лауазымына қайта атау туралы мәселені талқылағанын хабарлады.

Сондай-ақ, отырысқа қатысушылар АӨСШК атқарушы хатшысының лауазымын Бас хатшы лауазымына қайта атау туралы шешім қабылдады. Қасым-Жомарт Тоқаев бұған дейін де ШЫҰ атқарушы хатшысының лауазымы Бас хатшы лауазымы болып өзгертілгенін айтты.

"Ал, бұл негізінен, атқарушы орган лауазымының мәртебесін арттыруда маңызды және менің ойымша, Сергей Николаевич Лебедев туралы (Атқарушы комитеттің төрағасы - ТМД Атқарушы хатшысы) айтып отырмыз. Ол ТМД Бас хатшысы сияқты лауазымға ие болуға немесе қызмет етуге әбден лайық, енді Бас хатшы лауазымының өзі белгілі бір дәрежеде немесе мүмкін біздің жалпы ұйымымыздың мәртебесін едәуір арттырады. Сіз осыны қаладыңыз ба?", - деді Тоқаев Лукашенкоға.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина