Президенттікке жаңа үміткер: Талғат Ерғалиев ОСК-ға құжаттарын тапсырды

Президенттікке жаңа үміткер: Талғат Ерғалиев ОСК-ға құжаттарын тапсырды
Фото: sskaz.kz

Талғат Ерғалиев кезектен тыс президенттік сайлауға кандидат ретінде тіркеу үшін Орталық сайлау комиссиясына құжаттарын тапсырды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ОСК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"10 қазанда Талғат Файзуллиұлы Ерғалиевтің "Қазақстан Құрылысшылар одағы" республикалық заңды тұлғалар бірлестігінен Қазақстан Республикасының президенттігіне кандидат болып ұсынылғаны туралы құжаттары ұсынылды:

1. "Қазақстан Құрылысшылар одағы" республикалық заңды тұлғалар бірлестігі жоғары органы отырысының Қазақстан Республикасының президенттігіне ұсыну туралы хаттамасынан үзінді;

2. Талғат Ергалиевтің Қазақстан Республикасының президенттігіне кандидат болуға келісімі туралы өмірбаяндық деректері қоса берілген өтініші;

3. Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының шотына сайлау жарнасының енгізілгенін куәландыратын құжат;

4. Жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

5. Жоғары білімі туралы дипломының көшірмесі", - делінген хабарламада.

Талғат Файзуллиұлы Ерғалиев 1966 жылы Целиноград облысында туған. Ол Агротехникалық университетті бітірген, инженер-механик. Оқытушы болып жұмыс істеген және кәсіпкерлік қызметпен айналысқан.

1991 жылдан бастап 1992 жылға дейін - Қазақ мемлекеттік агротехникалық университетінің оқытушысы, инженерлік-педагогикалық факультеті деканының орынбасары.

1993 жылдан бастап 1999 жылға дейін - сауда компаниясының директоры.

1999 жылдан бастап 2002 жылға дейін - Қарашағанақ кен орнында "АксайИнвестСтрой" компаниясының басшысы.

2004 жылы "Стройкласс" ҚК ЖШС-ін құрған, жоба-менеджері.

2010 жылдан бері "Ақ жол" Қазақстан Демократиялық партиясы Орталық кеңесінің өңірлік саясат бойынша хатшысы.

2012 жылғы қыркүйек айынан бастап бесінші шақырылған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, "Ақ жол" Қазақстан Демократиялық партиясының мүшесі, партиялық тізім бойынша сайланған.

Үйленген, үш баласы бар.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Бөлек