Павлодар облысында жұмбақ жағдайда жоғалып кеткен екі дос өлі табылды

Павлодар облысында кішкентай көлде жұмбақ жағдайда жоғалып кеткен екі балықшы өлі табылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Полицейлер, құтқарушылар мен еріктілер жоғалғандарды іздеуді аяқтаған. Ер адамдар өлі табылған. Бұл ақпаратты павлодарлық іздеушілер хабарлаған. 

"Екі адамның денесі табылды. Барлық команда атынан қаза тапқандардың туыстары мен жақындарына шын жүректен көңіл айтамыз", - деп жазды Vita атты Павлодар қаласының іздеушілер қоғамдық бірлестігінің еріктілері.

Бұл ақпарат полицияда да расталған.

"10 қазанда сағат 14.00 шамасында Кутаяксор көлінде іздеу шараларын жүргізу кезінде жоғалған екі балықшының денесі табылды. Жергілікті жерде полиция және ТЖ қызметкерлері жұмыс істеп жатыр. Сараптама тағайындалады, оның нәтижелері бойынша шешім қабылданады", - деп түсіндірді Павлодар облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі өкілдері.

Полицейлер жоғалған жерде балықшылардың біріне тиесілі УАЗ көлігін тапқанын айтты. Салонды тексеру кезінде қызметкерлер құжаттарды, ақшаны, ұялы телефондарды және көлік кілттерін тапқан.

"Көлікте резеңке қайық жоқ еді, бірақ құтқару кеудешелері болды", - деді ведомство өкілдері.

Еске салайық, бұған дейін Павлодар облысында екі дос жұмбақ жағдайда жоғалып кеткені хабарланған болатын. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!