Павлодар облысында екі дос жұмбақ жағдайда жоғалып кетті

Павлодар облысында екі дос жұмбақ жағдайда жоғалып кетті
Фото: © instagram/poiskoviki_pavlodara_vita

Павлодар облысындағы көлде екі балықшы жұмбақ жағдайда жоғалып кетті. Ер адамдарды туыстары, полицейлер, ТЖД қызметкерлері, Павлодар іздеу жасағының еріктілері іздеп жатыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Іздеушілердің мәліметінше, 5 қазанда кешке екі дос Кутаяксор көліне балық аулауға кеткен. Оларда құтқару кеудешелері мен әдетте өздерімен бірге алып жүретін резеңке қайық болған.

8 қазанда балықшылардың бірінің көлігі табылған, салонда екі ұялы телефон, тамақ қалдықтары болған.

"Көл кішкентай, қамыспен қоршалған. Қайғылы жағдай болды, қайық аударылып кетті десек, суға батып кете алмайды, оны құтқарушылар немесе еріктілер тауып алған болар еді, олар кеше іздеуге кетті. Бірақ қайық та, құтқару кеудешелері де табылмады", - деді "Vita Павлодар қаласының іздеушілері" қоғамдық бірлестігі өкілдері.

Еріктілер қайық пен арнайы киім ұрланған болуы мүмкін екенін жоққа шығармайды.

"Бірақ адамдар соншалық қатігез болғаны ма, апат болып қалмады ма деп ойламады ма екен, қайықты алып кетіп, бұл туралы ешкімге хабарламаған. Бірақ бұлай болса, олар көлікті де жасыратын еді. Көлік тұр", - дейді еріктілер.

Олардың айтуынша, жоғалған достар - балықшылар.

"Ер адамдардың бірі біраз уақыт суда жұмыс істеді. Бірде оны толқын қайықпен алып кеткен, ол сегіз сағат бойы жүзіп келді. Мұнда ол жоғалып кетіп отыр. Бұл жерде адамдар аң аулайды. Тіпті бүгін атыс дауысын естідік. Яғни, балықшыларды біреу көруі мүмкін. Адамдардан хабарлауын сұраймыз", - деді қоғамдық бірлестік басшысы Екатерина Кудрявцева.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова