Хат қалдырған: Жаңаөзенде 22 жастағы бойжеткен жоғалып кетті

Хат қалдырған: Жаңаөзенде 22 жастағы бойжеткен жоғалып кетті

Жаңаөзенде 22 жастағы Әйгерім Ыланбаева із-түзсіз жоғалып кетті. Бойжеткен 7 қазанда кешке үйден шығып, оралмаған, - деп хабарлайды "Лада" басылымы.

Жоғалған қыздың туыстарының айтуынша, Әйгерім кешірім сұрап хат қалдырған. Қыздың отбасы полицияға арызданған. Полицейлер жоғалған қызды іздеуге кірісті.

Әйгерім Ыланбаеваның жүрген жері туралы мәлімет білсеңіздер мына телефондарға хабарласыңыздар: +7 701 923 2323, +7 708 729 3708.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Г. Досымшалова