ҚР ОСК Тоқаевтың президенттікке үміткерлерге қойылатын талаптарға сай келетінін мәлімдеді

Орталық сайлау комиссиясы Қасым-Жомарт Тоқаевтың президенттікке үміткерлерге қойылатын талаптарға сай екенін айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Президенттікке үміткер Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Конституцияда және "Сайлау туралы" конституциялық заңда белгіленген талаптарға сәйкес келетіні белгіленсін. Кандидатты қолдауға қол жинау үшін қажет мөлшерде қол қою парақтары берілсін", - делінген ОСК қаулысында. 

ОСК отырысында құқық қорғау органдарының да кандидатқа қатысты ешқандай түсініктемелері жоқ екені айтылды.

Айта кетейік, заң бойынша қазіргі Президентке мемлекеттік тілді білуге ​​емтихан тапсыру қажет емес.

Еске салайық, Қазақстанда кезектен тыс президент сайлауы 2022 жылғы 20 қарашада өтеді.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!