Елдос Сметов өзбек қарсыласын жеңіп, медаль иеленді

Қазақстандық Елдос Сметов Ташкентте өткен әлем чемпионатының қола жүлдесін жеңіп алды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Қазақстаннан екі дүркін Олимпиада жүлдегері мен Өзбекстаннан келген Дилшодбек Баратов негізгі уақыттың төрт минутында жеңімпазды анықтай алмай, қосымша уақытта күресті.

60 келіге дейінгі салмақта өнер көрсеткен Сметов бірнеше рет әдіс қолданып, "голден скордың" 26-секундында жеңіске жетті.

Бұған дейін медаль Қазақстан қоржынына 48 келіге дейінгі салмақта Әбиба Әбужақынова "қола" жеңіп алған болатын.

Ташкентте әлем чемпионаты бүгін, 6 қазанда басталып, турнир 13-іне дейін жалғасады.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!