Дзюдодан ӘЧ: қазақстандық палуан жарақатына қарамастан медаль жеңіп алды

Дзюдодан ӘЧ: қазақстандық палуан жарақатына қарамастан медаль жеңіп алды
Фото: Фото: ijf.org

Қазақстандық дзюдошы Әбиба Әбужақынова Ташкентте өткен әлем чемпионатының қола жүлдесін жеңіп алды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Қазақстандық спортшы бұған дейінгі кездесуінде қолын зақымдап алған.

Үшінші орынға таласта 25 жастағы қазақстандық Чилиден келген Мэри Ди Варгас Лейді жеңді. Спортшылар негізгі уақытта жеңімпазды анықтай алмады, ал қосымша уақытта Әбужақынова белсенді болып, басым түсті. 

Айта кетейік, Әбиба татамиге жарақатымен шыққан: 48 келіге дейінгі салмақ дәрежесіндегі жартылай финалда қазақстандық әйел жапон спортшысы Нацуми Цунодаға қарсы күресте қолын жарақаттап алған еді.

Әбужақынова Ташкентке Азия вице-чемпионы статусымен келді: тамызда Астанада қазақстандық тағы бір жапон палуаны Вакана Когадан жеңіліп қалған болатын.

Ташкентте әлем чемпионаты бүгін, 6 қазанда басталып, турнир 13-іне дейін жалғасады.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

А. Құлтай