Адамның ұйқысы келе беруі қауіпті болып шықты

Адамның ұйқысы келе беруі нарколепсиядан хабар беруі мүмкін. Бұл туралы медицина ғылымдарының кандидаты, психотерапевт, психолог, сомнолог Елена Колесниченко "Аргументы и факты" басылымына берген сұхбатында айтты, - деп хабарлайды Lenta.ru.

Колесниченко нарколепсия кезінде ояу отырған уақыт пен ұйқы процестері арасындағы тепе-теңдік бұзылатынын айтты.

"Нарколепсия белгілері денсаулыққа айтарлықтай проблемалар тудырады. Өйткені ұйқының бұзылуы, ұйқышылдық және бұлшық ет әлсіздігі өмірге қауіп төндіруі мүмкін. Мысалы, көлік жүргізу кезінде немесе кез келген назарды бір жаққа мұқият аудару қажет болатын кездерде", - деді дәрігер.

Сомнолог нарколепсия белгілері күндіз де, түнде де көрінуі мүмкін екенін айтты. Мұндай диагнозы бар барлық науқас күндіз шамадан тыс ұйықтайды.

"Сондай-ақ, түстен кейін ұйқысы келу адамда осы процесс үнемі қайталануына себеп болады. Себебі адам кенет ұйықтап кетеді әрі ең қолайсыз жерде, мысалы, көлік жүргізіп келе жатып, тамақтанып отырып, жұмыс орнында, серуендеп жүріп деген секілді. Мұндай ұйқы қысқа мерзімді болады және біраз уақытқа күш береді", - деп түсіндірді ол.

Сонымен қатар, Колесниченко нарколепсиядан зардап шегетін адамда бір әрекеттер қайталана беретінін жеткізді. Мысалы, адам әңгімені тыңдауға тырысып, орынсыз дыбыстар шығара бастайды немесе дәрісті жазу кезінде сурет салады.

Мұндай адамдарда түнгі ұйқысына қатысты да проблемалар туындайды немесе орынсыз күледі, бұлшық еттердегі әлсіздік те болуы мүмкін.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!