Ресейліктердің Қазақстанға ағылып келуі: Қазнетте қандай фейк тарады?

Ресейліктердің Қазақстанға ағылып келуі: Қазнетте қандай фейк тарады?
Фото: © azh.kz

Ресейде мобилизация жарияланғаннан кейін көрші елдің тұрғындары Қазақстанға және өзге де елдерге жаппай көше бастаған. Салдарынан Қазақстандағы пәтер иелері үйдің бағасын шарықтатып, төлей алмайтындарды пәтерден шығарып жатыр. Бұл жағдайға Желіде тараған видеолар дәлел бола алады. Алайда олардың арасында фейктер де жүр. Massaget.kz тілшісі ресейліктердің Қазақстанға ағылып келуіне байланысты Қазнетте тараған фейктерге шолу жасады. 

"Петропавлда РФ азаматтары госпитальге орналастырылып жатыр"

Бұл - Қазнеттегі кезекті фейк. Әлеуметтік желілерде және мессенджерлерде Петропавлда Ресей Федерациясынан келген адамдарды COVID-19 жұқтырғандарға арналған госпитальге орналастырып жатқаны туралы ақпарат тарады. Stopfake.kz мәліметінше, бұл шындыққа жанаспайды. 

Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі бұл ақпаратты жоққа шығарды. Сонымен қатар, хабарламаны Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі де бұл хабарлама жалған екенін мәлімдеді.

"Әлеуметтік желілерде тараған ақпарат шындыққа сәйкес келмейді. Бұл мәселе СҚО әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасының бақылауында", - делінген министрліктің хабарламасында.

"500 мың төлемесеңдер пәтерді босатыңдар"

TikTok қолданушысы жүктеген видео фейк болып шықты. Видеода әйел адам пәтер иесі үй бағасын 500 мың теңгеге көтеріп жібергенін айтады. 

"500 мың төлемесеңдер пәтерді босатыңдар деді. Сонымен пәтерді босаттық. Мынандай каналда түнеп жатырмыз. Жайғастық. Не істейміз енді? Көнеміз", - дейді әйел.

Алайда артынша әйел отбасымен балық аулауға шыққанын, видеоны "жай сала салғанын" айтты.  

"Пәтері жоқ қазақтар жатыр"

TikTok қолданушысы дәл осылай айтып, фейк таратқан. 

"Пәтері жоқ қазақтар жатыр, күнге қызып. Арасында орыстар да бар", - дейді видеодағы ер адам. 

@sayaterkebay2 #рек #астана #україна?? #казакстан #квартира ♬ оригинальный звук - Саят Еркебай

Алайда бұл астанада өткен республикалық "Қолжетімді спорт" жобасының ұйымдастыруымен ашық аспан астында өткен йога сабағы болатын. Шара 25 қыркүйекте өткен. Йога сабағына 250-ден аса адам қатысқан. 

@massaget.kz #мобилизация#ресей#россия#қазақстан#казахстан#рек#квартиры#пәтержалдау#пәтер#хочуврек ♬ оригинальный звук - Massaget.kz

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина