"Мықты команда кім?" Қазақстан құрамасының киім ауыстыратын бөлмесінде түсірілген видео пайда болды

"Мықты команда кім?" Қазақстан құрамасының киім ауыстыратын бөлмесінде түсірілген видео пайда болды
Фото: Видеодан алынған кадр

Қазақстан құрамасы Ұлттар Лигасында Беларусь құрамасын жеңгеннен кейін, құраманың киім ауыстыратын бөлмедегі видеосы пайда болды, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Ұлттық құрам бұл матчта 2:1 есебімен жеңіске жетіп, C дивизионының 3 тобында бірінші орынға ие болды.

Футболшылар тарихи жетістікті эмоцияға беріліп атап өтті. "Мықты команда кім?"- деді қақпашы Игорь Шацкий.  "Қазақстан", - деп жауап берді командаластары оған.

Магомед Адиевтің командасы В дивизионына көтеріліп, Еуро-2024 ойынына жолдама ала алатын Ұлттар лигасының плей-офф кезеңінде өнер көрсетеді.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от KFF | KAZAKHSTAN FOOTBALL FEDERATION (@kff_team)

Еске салайық, бұған дейін футболдан Қазақстан құрамасы Ұлттар лигасының тобында мерзімінен бұрын жеңіске жетіп, тарихи жетістікке қол жеткізгенін хабарлаған едік.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Бөлек