"Танымай қалдым". Айгүл Иманбаеваның жаңа образы жұртты шошытты

"Танымай қалдым". Айгүл Иманбаеваның жаңа образы жұртты шошытты
Фото: Instagram

Белгілі әнші, актриса Айгүл Иманбаева Instagram-парақшасында жаңа образдағы видео жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Әнші "шашын тақырлатып" тастаған. 

"Сәлем, достар! Шашымның жағдайы осылай болды, қалай ойлайсыздар? Осылай қалдырайын ба, өсірейін бе?" - деп жазған ол Желіде.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от ????? ?????????? (@aigul_imanbayeva)

Алайда видеодан бұл киноға арналған жай ғана образ екенін байқауға болады. Желі қолданушылары оның бұл өзгерісіне таңғалғанын жасырмаған.

"Шошып кеттім ғой", "Өнер үшін шаш пида болыпты ғой", "Танымай қалдым", "Қандай түсірілім? Іске сәт сіздердің ұжымдарыңызға", "Оңбай кетейін, әртіс екенсіз", - деп жазған пікір білдіргендер. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова