"ҚазМұнайГаз" қазақстандықтарға ай сайын 117 мың теңгеден төлейтіні рас па?

"ҚазМұнайГаз" қазақстандықтарға ай сайын 117 мың теңгеден төлейтіні рас па?
Фото: gov.kz

Әлеуметтік желілерде "ҚазМұнайГаз" компаниясының қазақстандықтарға ай сайын 117 мың теңгеден төлеуге міндетті екені туралы хабарландыру тарап жатыр. Stopfake.kz мәліметінше, бұл - жалған ақпарат, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Жарнамалық ақпаратқа сәйкес, төлем алу үшін компанияға 110 мың теңге салу қажет. Алайда мұның бәрі алаяқтардың ісі. Бұл туралы ескерту "ҚазМұнайГаз" АҚ ресми сайтында жарияланған.

"Қазіргі уақытта алаяқтар арнайы сайт, қосымша және әлеуметтік желілерде парақшалар ашып, солар арқылы жарнама таратып, қазақстандықтарға "ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясына инвестиция құюды ұсынады. Нәтижесінде, алаяқтар мұнай мен газ сатудан тез пайда табуға болады дейді. "ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ Қазақстан азаматтарының қаражатын инвестициялық жобаларға тартпайтынын мәлімдейді. Таралған жарнама жалған және алаяқтық сипатқа ие. Қазақстандықтардан қырағы болуды және тек ресми дереккөздерге ғана сенуді сұраймыз", - делінген хабарламада.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина