Танымал футболшы II Елизаветаның табытының маңында 12 сағат кезекте тұрды

Ұлыбритания құрамасының бұрынғы футболшысы Дэвид Бекхэм ІІ Елизаветаға құрмет көрсету үшін 12 сағаттан аса уақыт кезекте тұрды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Sky News телеарнасына сілтеме жасап. 

Ұлыбритания құрамасының бұрынғы капитаны костюм, галстукпен келген. Бекхэм қарапайым ұлыбританиялықтармен бірге кезекке тұрған.

"Бұл - қайғылы күн, бірақ біз оның қалдырған керемет мұрасын еске алатын күн", - деді Бекхэм.

Айта кетейік, II Елизаветаның денесі салынған табыт 14 қыркүйектен бастап Лондондағы Вестминстер сарайында тұр. Жерлеу рәсімі болатын 19 қыркүйекке дейін онымен қоштасуға болады. Тілек білдірушілер санының көптігіне байланысты адамдар кезекте ұзақ тұруға мәжбүр.

Еске салайық, Ұлыбритания патшайымы ІІ Елизавета Балморалда 96 жасында қайтыс болған еді. Ал жаңа патша Елизаветаның ұлы Чарльз болды.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!