Ұлыбритания патшайымы Елизавета II 97 жасына қараған шағында қайтыс болды

Ұлыбритания патшайымы Елизавета II 97 жасына қараған шағында қайтыс болды
Фото: Фото: instagram.com/buckinghampalaceroyal

Ұлыбритания патшайымы Елизавета II 97 жасына қараған шағында қайтыс болды. Бұл туралы хабарлама Букингем сарайының сайтында пайда болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Бүгін түстен кейін патшайым Балморалда (Шотландия - еск.) қайтыс болды. Король мен патшайым-консорт бүгін кешке Балморалда қалып, ертең Лондонға оралады", - делінген хабарламада.

Тиісті өзгерістер енгізілгенге дейін корольдік отбасының ресми сайты уақытша қолжетімді емес екені атап өтілді.

II Елизавета таққа 1952 жылы 6 ақпанда жиырма бес жасында, әкесі - Король Георг VI қайтыс болғаннан кейін отырған еді.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

А. Құлтай