Рим Папасы Димаш Құдайбергенге медаль табыстады

Елордада өтіп жатқан Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съезінде қазақстандық танымал әнші Димаш Құдайберген Рим Папасының медалімен марапатталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі. Бұл туралы әнші Instagram парақшасында жариялады.

"Рим Папасына табыстаған медалі үшін көп алғыс айтамыз. Ғұмырыңыз ұзақ болсын", - деп жазды Димаш Құдайберген.

Ол ата-анасы Қанат пен Света Айтбаевтарды да осы жиын кезінде алған сыйлықтарымен құттықтаған.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!