"Анандиді көргенсің бе?" Қуандық Шәкіржанов айнытпай пародия жасады

"Анандиді көргенсің бе?" Қуандық Шәкіржанов айнытпай пародия жасады
Фото: Instagram

Бекболат Тілеухан журналист Нартай Аралбайұлына берген сұхбатында "Конец власти" мен "Окна Овертона" кітаптарын оқып-оқымағанын сұрайды. Бұл диалог Қазнет қолданушылары арасында тез тарап кеткен еді. Белгілі актер Қуандық Шәкіржанов осы сұхбатқа пародия жасады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Видеоны актердің өзі Instagram-парақшасында жариялаған. 

"- Сен Анандиді көргенсің бе?

- Жоқ.

- Ойбу, мынауың ұят қой сенің.

- Жарайды, сен анау Денизді көрдің бе?

- ...

- Құсшыны білесің бе?

- Жоқ, естімедім.

- Ой, қалай киноға түсемін енді сенімен", - дейді олар видеода.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Куандык Шакиржанов (@kuandykshakirzhanov)

Желі қолданушылары видео күлкіге қарқ қылғанын жазды.

"Соны айтамын, қалай киноға бірге түсесіз? Көрмеген екен", "Аға өлтірдіңіз", "Жақсы пародия", "Өте керемет кетті", - деп жазды пікір білдірушілер.

Бекболат Тілеухан айтқан екі кітап не туралы?

Еске салайық, бұған дейін Бекболат Тілеухан жаңа қызметінде қанша жалақы алатынын хабарлаған болатынбыз. Сондай-ақ, ол коронавирус кезінде қатты ауырғанын әңгімелеген еді.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова