Бекболат Тілеухан жаңа қызметіндегі жалақысын атады

Бекболат Тілеухан жаңа қызметіндегі жалақысын атады
Фото: Видеодан алынған кадр

Бекболат Тілеухан Нартай Аралбайұлына берген сұхбатында жаңа қызметіндегі жалақысын атады, - деп хабарлайды Massaget.kz

Ол Түркияға қашан барғанын, онда қандай қаржыға өмір сүріп жатқанын айтты.

"12 наурызда Түркияға келдім. Конфедерациядан алатын жалақым қазір енді инфляциядан кейін түсіп қалды, 4200 доллар ақшам бар, бұл жерден жалақы аламын. Біләл Ердоғанның орынбасары болып істеймін", - деді ол.

Оның жалақысы теңгеге шаққанда, шамамен 2 миллиондай болады.

Еске салайық, бүған дейін Бекболат Тілеухан шетел азаматтығын алуға өтініш бермегенін мәлімдегені хабарланған болатын. Өйткені әлеуметтік желілерде Бекболат Тілеухан Түркия азаматтығын алуға өтініш бергені туралы ақпарат тараған еді.

Ж. Қадыржанова