Астана атауын қайтару туралы ұсыныс Тоқаевтың келісімімен Конституциялық заң жобасына енгізілді

Президенттің баспасөз хатшысы Руслан Желдібай елорда атауын Астана атауына қайтару туралы ұсынысқа қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Парламенттегі депутаттар тобы елорданың бұрынғы Астана атауын қайтару туралы ұсыныс білдіргені мәлім. Депутаттардың бұл бастамасы туралы Президент хабардар. Халық қалаулылары, өз кезегінде тұрғындармен кездесулерде айтылған ұсыныстарға, сондай-ақ, референдум кезінде азаматтардың көптеген өтініштеріне сүйенді. Мәжіліс депутаттарының ұсынысы Мемлекет басшысының келісімімен Конституциялық заң жобасына енгізілді. Президент Қазақстанның қазіргі мемлекеттілігін нығайтуда және елорданың іргесін қалауда Н.Ә. Назарбаевтың шешуші роль атқарғаны тарихи факт деп санайды. Сондықтан Тұңғыш Президент атындағы басқа да нысандар өз атауларын сақтап қалуы тиіс", - деді Президенттің баспасөз хатшысы Руслан Желдібай.

Айта кетейік, бұған дейін TikTok-парақшамызда елорда атауына қатысты видео жарияланған еді.

@massaget.kz Елорда атауы өзгеруі керек пе? #Қазақстан #Астана #НұрСұлтан #БекболатТілеухан #саясат ♬ оригинальный звук - Massaget.kz

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!