Нұр-Сұлтандағы кафеде "ыстық бәліш" деген құпия сөзбен есірткі сатылған

Нұр-Сұлтандағы кафеде "ыстық бәліш" деген құпия сөзбен есірткі сатылған

Елорда кафелерінің бірінде "ыстық бәліш" құпия сөзімен жасырын гашиш сатылған, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Басылым мәліметінше, бұл қылмыс арнайы операция нәтижесінде анықталған.

"Есірткі сатқаны үшін үй тағамдары әзірленетін кафенің 52 жастағы иесі ұсталды.

Ол өз мекемесінде "ыстық бәліш" деген кодпен есірткі сатқан.

Әйел тұратын ғимарат пен кафені тінту кезінде сатуға дайындалған "гашиш" салынған 56 қағаз орама табылды. Сол жерден есірткі сатқаннан алынған 2,5 миллион теңге сомасындағы ақша шықты", - делінген хабарламада.

Нұр-Сұлтан қаласы ПД бастығының орынбасары Қуаныш Орынбетовтың айтуынша, тәркіленген есірткінің жалпы салмағы 1 келіден асады.

Күдікті әйел өз кінәсін мойындап, ПД уақытша ұстау изоляторына қамалды. ҚР ҚК 297-бабы 3-бөлігі бойынша соталды тергеу амалдары жүріп жатыр.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Г. Досымшалова