Алматылық ер адам мас күйде мектептегі ата-аналарға тиіскен

Әлеуметтік желілерде Алматыда мектеп жанында балалардың ата-аналарына тиіскен ер адам туралы хабарлама таралып жатыр, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Басылым мәліметінше, мектепте салтанатты іс-шара өтіп жатқанда 22 жастағы мас тұрғын ата-аналарға тиісіп, түрлі сөздер айтып мазаларын алған.

"Медеу ауданы ПБ қызметкерлері Назарбаев даңғылы бойында орналасқан мектептегі салтанатты іс-шара кезінде балалардың ата-аналарына тиіскен 22 жастағы ер адамды ұстады.

Медеу ауданы ПБ-на жеткізілген ол ҚР ӘҚБтК-нің 440 және 449-баптары бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылды. Алдағы уақытта осындай құқық бұзушылықтарға жол бермеу туралы түсіндіру және профилактикалық әңгіме жүргізілді", - делінген хабарламада.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!