Мереке күндері ХҚКО-лар қалай жұмыс істейді?

Мереке күндері ХҚКО-лар қалай жұмыс істейді?
Фото: TengriNews.kz

"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы Конституция күніне байланысты Қазақстанның ХҚКО-лары мен мамандандырылған ХҚКО-лары 28, 29 және 30 тамызда жұмыс істемейтінін мәлімдеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Мемлекеттік корпорация" КЕАҚ "Азаматтарға арналған үкімет" баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Алдағы үш күнгі демалыста ХҚКО-лар қалай жұмыс істейтінін мәлімдеді. 

"Облыс орталықтары мен республикалық маңызы бар қалалардағы кезекші ХҚКО-лар 29 тамызда 9.00-ден 13:00-ге дейін қызмет көрсетеді. 29 тамызда "Қазпошта" АҚ тарапынан жоспарланған техникалық жұмыстарға байланысты кезекші ХҚКО-ларда кассалар арқылы мемлекеттік баж төлеу мүмкіндігі болмайтынын ескертеміз. Клиенттер мемлекеттік қызметтерді банк қосымшалары мен QR-код арқылы төлей алады", - делінген хабарламада.

27 тамыз жұмыс күні болып бекітілді. Бұл күні ХҚКО-лар мен мамандандырылған ХҚКО-лар әдеттегі кесте бойынша жұмыс істейді. 31 тамызда ХҚКО-лар мен мамандандырылған ХҚКО-лар жұмысын қайта бастайды.

Еске салайық, ХҚКО-лардың әдеттегі жұмыс кестесі: дүйсенбі-жұма сағат 9:00-ден 18:00-ге дейін.

Кезекші ХҚКО-лар дүйсенбі-жұма аралығында сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін, ал сенбі күні сағат 9.00-ден 13.00-ге дейін жұмыс істейді.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Бөлек