Бұйра, каре: күздің басты шаш үлгілері қандай болады?

Бұйра, каре: күздің басты шаш үлгілері қандай болады?

Стилистер сәнқой бикештерге 90-жылдарға дайын болу керегін айтады. Бұйра, қысқа шаш пен кекіл және түрлі ұзындықтағы шаш үлгісі сәнге қайта оралды, бірақ кейбір стилист қазірдің өзінде өз үлгілерін түрлендіріп, биылғы күз трендтерін орнатуға дайын. Tengri Lifestyle қандай шаш үлгісін таңдау керек және кімнен шабыттану керегін айтты.

90-жылдардағы түрлі ұзындықтағы шаш үлгісі

"Достар" телехикаясындағы Рэйчел Гриннің кейпі көптен бері талғампаз сәнқойлар үшін темірқазық болды. Енді тек деним, бомбер, қысқа белдемше ғана емес, сонымен қатар Рейчел стиліндегі түрлі ұзындықтағы шаш үлгісі де келер маусымның хитіне айналмақ.

Instagram/@lauraharrier 

Bixie-style 

Bixie атауы шаш қиюдың екі түрінің - боб-каренің ұзындығы мен пикси пішінінің үйлесімінен шыққан. Bixie шаш үлгісін жасаушылар 90-жылдардан шабыт алса да, 2022-де ол аздаған өзгерістерге ұшырады. Шашқа бұйра салып, сәндеуге ыңғайлы болу үшін шаштың ұзын болуы маңызды.

Instagram/@brianacisneros

Классикалық каре

Каре - бұл классика. Бірақ биылғы күзде тағы қандай әдістер танымал болатынын көрдік! Италиялық боб көш бастап тұр.

Instagram/@thehairbros

Италиялық боб - шашты бір жаққа бөліп жасалатын каре. Бұл жағдайда шашты тіктеудің қажеті жоқ, керісінше, оларға көлем беру керек. Мұны жеңіл бұйра көмегімен жасауға болады.

Instagram/@thehairbros

Гарсон

Өткен ғасырдың 20-жылдарында танымал болған француз шаш үлгілері трендке оралады. Жастардың бұл шаш үлгісіне деген қызығушылығы "Қағаз үй" сериалынан кейін пайда болды, кейінгі маусымда басты кейіпкер Токионың шаш үлгісі гарсон болған.

Instagram/@ursulolita

Жұқа кекіл

Корея стиліндегі кекіл классикалық кекілден ұзындығымен және селдірлігімен ерекшеленеді. Оңтүстік Кореядағыдай сүйкімді болып көріну трендте, ал мұндай кекіл сүйкімді болып көрінуге көмектеседі. Сіз де жасап көріңіз!

Instagram/@wow_kimsohyun 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Бөлек