Ғалымдар неге тек ақ төсекте ұйықтау керегін айтты

Түнгі ұйқы қалыпты болуы ағза дұрыс жұмыс істеуі үшін өте маңызды саналады. Ғалымдар ұйқыны қалыпқа келтірудің қарапайым әдісі барын анықтады. Ол үшін төсек-орындарды ақ түске ауыстыру керек, - деп хабарлайды "Медицина и наука"

АҚШ ғалымдары жүргізген зерттеуге сәйкес, адам ақ төсекте немесе басқа да ақ элементтері бар төсекте ұйықтаса, тыныш әрі жақсы демалады. Сонымен қатар, ұйқы сапасы жатын бөлменің тазалығына да байланысты.

Басылым мәліметінше, ғалымдар Солтүстік Американың 1500 тұрғынына сауалнама жүргізген. Олардың жасы 25-55 жас аралығында болған. Сауалнамаға қатысқандардың 58 пайызы түнгі ұйқыға байланысты проблемалары барын айтып шағымданған. Ұйқысы бұзылған адамдар мұны ыңғайсыз төсек, жағымсыз төсек матасы, сыртқы иіс, көшедегі жарық және басқа да факторларға байланысты деп түсіндірген.

Зерттеу авторлары адамдардың қалыпты ұйқысына кедергі келтіретін факторларды жоюды ұсынған. Осылайша, сауалнамаға қатысушылар төсек-орындарын ақ түске ауыстырған. Кейін күтпеген өзгерістер болған. Әрине, төсек-орындарды таза ұстау да маңызды, сонда ғана әсер сақталады. Сонымен қатар, жатын бөлменің жайлылығына, ауа температурасы мен жарық болмауына назар аудару керек екен.