Биыл оқу жылы 15 тамызда басталатыны рас па?

Биыл оқу жылы 15 тамызда басталатыны рас па?
Фото: Тұрар Қазанғапов

Мессенджерлерде биыл қазақстандық оқушылар үшін оқу жылы 15 тамызда басталатыны туралы ақпарат тарады, - деп хабарлайды Massaget.kz

ҚР Оқу-ағарту министрлігі бұл ақпаратты жоққа шығарды.

"Бұл ақпарат шындыққа жанаспайды. Оқу жылы әдеттегідей 1 қыркүйекте басталады", - деді ведомствоның баспасөз қызметіндегілер.

Министрлік күмәнді хабарламалар таратпауға және тек ресми ақпаратқа ғана сенуге шақырды.

"Биыл қымбат". Баланы мектепке дайындауға қанша қаражат керек?

Е. Төлеш