Дәрігер ұйықтар алдында тамақтанудың зиянын айтты

Ұйқытанушы дәрігер, медицина ғылымдарының кандидаты София Черкасова ұйықтар алдында тамақтану, артығымен тойып тамақ ішу денені түнгі уақытта "күндізгі жұмысымен айналысуға" мәжбүр ететінін айтты, - деп хабарлайды "Известия".

Дәрігердің сөзінше, жатар алдында тамақ ішу ұйқыны ашып жібереді, өйткені асқазан тамақты сіңіре бастағанда адамның ішкі температурасы көтеріледі.

Ол түннің өзінде мидың да, бүкіл дененің де атқаратын міндеттері көп екенін атап өтті.

"Оған қоса, күндізгідей тамақтанып алсаңыз, тағамды сіңіруге көбірек уақыт бөлген ағза иммунитетті және зақымдалған тіндерді қалпына келтіру, денедегі әртүрлі дисфункцияларды анықтау қызметінен ауытқып, салдарынан ұйқы қашады", - дейді София Черкасова.

Дәрігер адам ұйықтап кетуі үшін оның ішкі дене температурасы шамамен 0,2 градусқа дейін төмен болуы керегін айтты.