149 секундта чемпион. Қазақстан дзюдодан АЧ алтынын қалай жеңіп алды?

149 секундта чемпион. Қазақстан дзюдодан АЧ алтынын қалай жеңіп алды?
Фото: Сали Сабыров

Қазақстандық Данияр Шамшаев дзюдодан Азия чемпионатын жеңіп алды. Ол Нұр-Сұлтандағы турнирде екі жарым минутта жеңіске жетті, - деп хабарлайды Vesti.kz.

73 келіге дейінгі салмақ дәрежесіндегі финалда 21 жастағы Шамшаев өзбекстандық Муроджон Юлдошевпен жекпе-жек өткізіп, 34 секундта жеңіске жетті.

Финалға дейін Шамшаев тағы үш жекпе-жекті мерзімінен бұрын жеңді: Нингтоужам Суреш Сингх пен Бехрузи Хожазодуға қарсы 42 секунд өткізсе, қырғызстандық Шыңғысхан Сағыналиевқа қарсы кездесу 31 секундқа созылған.

Ж. Қадыржанова