Ер адам балаларды оятудың ерекше әдісін тапты

Желіде ер адам таңертең балаларын ұйқыдан ерекше оятқан видео тарады, - деп хабарлайды Massaget.kz.

Видеода ер адам балаларын әнұранмен оятқан. 

"Балалар таңертең тұрғысы келмесе, не істеу қажет? Дұрысы - Әнұран айтқызу. Болашақ патриоттар өсіп келе жатыр", - делінген видеода.

"Тұрмайсыңдар ма?" - дейді видеодағы ер адам.

Кейін ол Әнұран айта бастайды. Ұйықтап жатқан балалар орнынан атып тұрып, бірге айтады.

Видеоға Желі қолданушылары жағымды пікірлер жазған:

Туу, Құдай-ай, ұйқы қысып тұр ғой.

Жарайсың, балалар, мықты.

Нағыз патриот, нағыз тарбие.

Нағыз жігіттер. Ғұмырларың ұзақ болсын!