50 пайыз жеңілдікпен айыппұл төлеуге тыйым салына ма? ІІМ жауап берді

50 пайыз жеңілдікпен айыппұл төлеуге тыйым салына ма? ІІМ жауап берді
Фото: Әлихан Сариев

Ішкі істер министрлігі бір жылда бестен артық ереже бұзған жүргізушілерге жол қозғалысы ережелерін бұзғаны үшін 50 пайыз жеңілдікпен айыппұл төлеуге тыйым салуды жоспарлап отыр. Бұл туралы Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Жандос Мұраталиев айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz.

"Қазір Ішкі істер министрлігі жол қозғалысы ережесін бұзғаны үшін бір жыл ішінде бестен аса әкімшілік құқықбұзушылық жасаған тұлғаларға 50 пайыздық жеңілдікпен айыппұл төлеу мүмкіндігін алып тастауға (...) түзетулер енгізіп жатыр", - деді Мұраталиев ІІМ брифингінде.

Қазақстанда 2015 жылдан бастап айыппұл төлеуге 50 пайыздық жеңілдік енгізілген. Жеңілдік бейнебақылау камераларына түсіп қалған заңбұзушыларға қолданылмайды.

Ж. Қадыржанова