Ақтаулық әйел көзінде әйнек барын 25 жылдан кейін білген

Ақтаулық әйел көзінде әйнек барын 25 жылдан кейін білген
Фото: instagram.com/sofie_medgroup

Ақтауда дәрігерлер 25 жыл өткеннен кейін науқастың көзінен әйнек сынығын алып тастады, - деп хабарлайды Lada.kz.

Әйелдің көзінің астында 1997 жылдан бері әйнек сынығы жүрген. Ал әйнек жол апатынан кейін қалып қойған.

"Ол 1997 жылы жол апатына ұшыраған. Нәтижесінде,  бірнеше күн бойы ес-түссіз жатқан. Кейін қыз есін жиған, бірақ бетінде үлкен тыртық қалып, көзі өзгеріске ұшыраған. Сондай-ақ, көзінің асты жиі ауырып, үнемі көз жасы аға берген. Дәрігерлерге жиі барып, түрлі мамандарға жүгінсе де, ешқандай нәтиже бермеген", - деді клиника қызметкері.

25 жылдан кейін Ақтаудағы жеке клиникалардың бірінің мамандары науқастың көзінің астынан өлшемі 5 миллиметр әйнек сынығын тапқан. Әйнек науқастан қауіпсіз жолмен алынған.

Фото: instagram.com/sofie_medgroup 

Ж. Қадыржанова