Айқын Жұлдызға ерекше сый жасады

Айқын Жұлдызға ерекше сый жасады
Фото: instagram.com/aikyn

Әнші Айқын Төлепберген жары Жұлдыз Өмірғалиға ерекше сыйлық жасады, - деп хабарлайды Massaget.kz.

Айқын Жұлдызға 001 JYL мемлекеттік нөмірін сыйлаған. 

"Номер алып бердім!!!! Бірақ бұл машинамен өзім жүремін. Себебі, бала-шағаны тасығанға Лексустің LX-і ыңғайлы. Ал мен жасарып, қалада дырылдатып жүремін! Құттықтап қойып, лайк басып қойыңыздар!", - деп жазды әнші парақшасында. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Aikyn Tolepbergen (@aikyn)

Айта кетейік, жұлдызды жұп алғашында бас қосып, үйленгендерін жасырған болатын. Кейіннен 2018 жылы тамызда олар әлеуметтік желідегі парақшаларында тұңғыштары Санжарды көрсетіп, бірге екендерін растаған. Бүгінде Жұлдыз бен Айқын бір ұл және бір қыз тәрбиелеп отыр. 

С. Сатыбалдина