Ақтөбе облысында жанармай құю бекетінде жойқын жарылыс болды

Ақтөбе облысында жанармай құю бекетінде жойқын жарылыс болды
Фото: © instagram/zello_aktobe.04

Ақтөбе облысының Алға қаласында жанармай құю бекеті жарылып, бірнеше көлікпен бірге өртеніп кетті, - деп хабарлайды "Диапазон" басылымы.

Жексенбі, 17 шілдеде кешке әлеуметтік желілерде жанармай құю бекетінің жалынға оранып жатқаны түсірілген видео тарады. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от ????? ?????? - ???????? ???? (@zello_aktobe.04)

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от ????? ?????? - ???????? ???? (@zello_aktobe.04)

Ақтөбе облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, Алға қаласындағы Абай көшесінің бойында орналасқан "ЛиманГаз" жанармай құю бекетінде жарылыс болған. Жанармай құю бекетінде сыйымдылығы 46 текше метр болатын екі цистерна жарылған. Облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің кезекші пультіне хабарлама 17 шілдеде сағат 18:50-де түскен.

"Құрамында 26 адам мен 7 техника бар қызметкерлер жедел түрде шақырту орнына жетті", - деді департамент өкілдері.

Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері өрт аймағынан екі техника мен көлемі 10 және 54 текше метрлік екі контейнерді шығарды.

"Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрт 19:44-те оқшауланып, 20:02-де толық сөндірілді", - делінген облыстық ТЖД таратқан хабарламада.

Г. Досымшалова