Бала құтқарамын деп судан шыға алмай қалған: видеодағы оқиғаның анық-қанығы белгілі болды

Желіде су қоймасындағы қатты ағыстан баланы құтқару сәті түсірілген видео тараған болатын. Оқиға 8 шілдеде Шыңжаңдағы Артуш қаласында болған, - деп хабарлайды China News

Қазақстан ТЖМ өкілі видео басқа елде түсірілгенін мәлімдеді, өйткені "кезекші пультіне оқиға туралы қоңырау түспеген". Оқиға Қытайда болған екен.

Басылым мәліметінше, бала абайсызда су қоймасына құлап кеткен. Осылайша, баланы қатты ағыс алып кеткен. Шыңжаң Ұйғыр автономиялық ауданы Артуш қаласының Шаңғарташы кенті Бойшақ ауылы полиция бөлімшесінің патрульдік тобынан үш көмекші полицей аумақты күзетіп жүрген кезде 11 жастағы бала су қоймасына батып бара жатқанын анықтаған.

Көмекші полицейлер Өміржан Тұрғын мен Рахманжан Мұхтар құтқару операциясын бастау үшін бір-бірлеп каналға секірген. Каналдың екі жағындағы қатты ағыс пен тас салдарынан екеуі де батып бара жатқан баламен бірге төмен қарай ағып кеткен. Бірақ олар батып бара жатқан баланы аман алып қалған.

Жағаға шыққан кезде Рахманжан Мұхтар өзінің әріптесі ағып бара жатқанын көріп, денесіндегі жара мен шаршағанына назар аудармай, көмекке жүгірген. Полицей әріптесін құтқару үшін тағы да су қоймасына секірген. Ақыр аяғында екі көмекші полицей де судан аман-сау шыққан. 

Бала ауруханаға жіберілген. Уақытылы құтқарылғанының арқасында балаға төніп тұрған қауіп жоқ.