Баланы құтқарып, өздері шыға алмады. Желіде су қоймасында түсірілген видео тарады

Баланы құтқарып, өздері шыға алмады. Желіде су қоймасында түсірілген видео тарады
Фото: Видео кадрлары

Әлеуметтік желіде су қоймасындағы қатты ағыстан баланы құтқару сәті түсірілген видео тарады, - деп  хабарлайды Tengrinews.kz.

Кадрларда көк түсті киім киген үш ер адам мен тағы бір бала қатты ағыс алып кеткен баланы құтқару үшін артынан жүгіреді. Бір кезде екі адам суға секіреді, олардың бірі баланы құтқарып қалады. Бірақ форма киген тағы бір адам судан шыға алмай қалады. Енді сол адамды құтқару үшін тағы бірі суға секіреді, алайда видеодағы екі адам да суда көзден ғайып болады.

Қазақстан Төтенше жағдайлар министрлігінің өкілдері видеоға қатысты пікір білдірді.

"WhatsApp мессенджері арқылы тарап жатқан видеоға қатысты. Қазақстан аумағында Волгоград дерегі тіркелген жоқ, кезекшіге қоңырау шалынбаған, форма да біздікі емес", - деді Төтенше жағдайлар министрлігінің ресми өкілі Талғат Уәли.

Е. Төлеш