Семейде тұрғын үй өртеніп, 15 адам эвакуацияланды

Семейде тұрғын үй өртеніп, 15 адам эвакуацияланды

Семей қаласындағы Гете көшесінің бойында он қабатты тұрғын үйден өрт шықты, - деп хабарлайды Semeynews.kz сайты.

Үшінші қабаттың балконында ағаш бөлшектер, терезе блогы, жиһаз және басқа да заттар жанған. Өрт сөндірушілер көпқабатты тұрғын үйдің 15 тұрғынын эвакуациялаған, оның алтауы - бала.

Өрт алты шаршы метр аумақты шарпыған. Ол отты абайсыз пайдаланғаннан шығуы мүмкін деген болжам бар.

Г. Досымшалова