Қапшағайда баланы іздегендер қазақстандықтарды тәнті етті

Қапшағайда баланы іздегендер қазақстандықтарды тәнті етті
Фото: Видеодан алынған кадр

Қапшағай су қоймасында түсірілген видео қазақстандықтарды тәнті етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

26 маусымда су қоймасының жағалауында 8 жастағы бала жоғалып кеткен. Жағалауда демалып жатқан адамдар бір-бірінің қолынан ұстап, тізбек жасап, судан баланы іздеген.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от KRISP ALMATY | КРИСП АЛМАТЫ (@krisp_almaty)

Алматы облысы ТЖД өкілі бала кейінірек Қапшағай су қоймасының жағалауынан аман-есен табылғанын айтты.

"Қапшағай өңірінің жедел-құтқару жасағының құтқарушылары қоғамдық құтқарушыларғы осындай тәсілді үйретті. Оларды әкімдік Қонаевтың қалалық жағажайында жұмыс істеу үшін жалдайды. Қоғамдық құтқарушылар баланы іздеу үшін осындай іздеу әдісін демалушылармен бірге құтқарушылар келгенге дейін қолданды. Бұл туралы Алматы облысы ТЖД кезекші байланыс пультіне хабарлама түскен жоқ. Кейін баланың жағалаудан аман-есен табылғаны анықталды", - деді Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі өкілі.

"Осындай әрекеттерді көргенде, қуаныштан жылағым келеді, Құдайға шүкір, бәрі жақсы, халқымыз қандай ұйымшыл, мейірімді еді", "Қазірдің өзінде денем тітіркеніп, жылап отырмын, бұл біздің жігіттер, жарайсыңдар, рақмет", "Құдайға шүкір, оған көмек қажет емес болды, ол жағада жүрді. Бірақ біреудің қайғысына немқұрайды қарамайтындарды көргенде, жаның жай табады", - деп жазды Желі қолданушылары

Еске салайық, 26 маусымда Қонаев қаласындағы Қапшағай су қоймасында төрт адам суға батып кетті. Қайғылы оқиға  "Голубой залив" аумағында болған. Бұл адамдардың бәрі туысқан екені айтылды.

Ж. Қадыржанова