ІІМ ата-анасын іздеген Жәнібекке қатысты жаңа деректі жариялады

Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Марат Қожаев Еуропадан Қазақстанға туған ата-анасын іздеуге келген 22 жастағы Эдди Жанға (Жәнібек) қатысты жаңа деректі жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Сенаттың жалпы отырысынан соң ІІМ өкіліне "2000 жылдары балаларды асырап алу мәселесі өте өзекті болды. Еуропадан ата-анасын іздеп келген Жәнібекті білесіз бе? Полиция осы деректің негізінде қандай да бір қылмыстық іс қозғады ма?" деген сұрақ қойды.

Марат Қожаев бүгінде полиция оқиғаның мән-жайын анықтап жатқанын жеткізді.

"Қылмыстық іс қозғалды. Оның (Жәнібектің - еск.) қашан және қандай себепке байланысты шетелге кеткені анықталып жатыр. Әке-шешесін полиция іздеп жатыр. Қазір (полицияда - еск.) Жәнібектің оқиғасы сияқты істер бар деп айта алмаймын", - деді министрдің орынбасары.

Еске салайық, бұған дейін әлеуметтік желіде бельгиялық отбасы асырап алған Эдди Жан Қазақстандағы туған ата-анасын іздейтіні туралы ақпарат жарияланған еді. Оған дүниеге келгенде Жәнібек деген есім қойылған.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!