Дәрігер шөлді қандырмайтын сусындарды атады

Ыстық ауа райында уақытылы шөлді қандыру және ағзадағы су-тұз теңгерімін сақтау маңызды. Бірақ барлық сусын бірдей шөлді қандырмайды. Бұл жайлы гастроэнтеролог Татьяна Жаровская Radiosputnik-ке берген сұхбатында айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Дәрігер алкоголь, кофе, қою шай және тәтті газдалған сусындар шөлді қандыруға көмектеспейтінін және керісінше, шөлдете беретінін айтты.

"Көпшілік адамның қателігі - ыстықта тәтті лимонадтар мен кола ішу. Одан қан қоюланады және қанайналым нашарлайды. Оған қоса, қандағы инсулин бірден артады, сондықтан бұл сусындарды қайта-қайта іше бергіңіз келеді. Яғни, бір жағынан шөлді дұрыс қандырмаймыз, екінші жағынан қантты көп мөлшерде аламыз. Ыстықта кофе мен шай ішу ұсынылмайды, себебі олар жасушалардан сұйықтықты алып алады және несеп айдағыш әсер береді. Сондай-ақ алкоголь де сусыздандырады", - дейді Татьяна Жаровская.

Оның айтуынша, шөлді қандырудың ең жақсы жолы - қайнамаған таза су ішу. Сондай-ақ қышқыл нәрсе, мысалы, лимон немесе апельсин шырыны қосылған су және сүт-қышқылды өнімдер ішуге болады. 

"Ыстықта айран шөлді жақсы қандырады. Оның құрамында сүтті іріткі мен минералды тұздар бар. Нәтижесінде шөліңіз қанады және хал-жағдайыңыз жақсарады", - дейді маман.

Оқи отырыңыз: Біздің ағзамызға ыстық қалай әсер етеді?

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз