Ринат Заитовқа депутаттыққа түсер кезде ақша беріп, "бармай-ақ қойшы" дегендер болған

Ринат Заитов депутаттыққа түсер кезде ақша беріп "бармай-ақ қойшы" дегендер болған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұл туралы депутат Airan media-ға берген сұхбатында. Алайда ол мұндай ұсынысты кімдер жасағанын айтпады. 

"Келіссөз жүргізген өзімнің досым. Сайлауға түспей-ақ қойшы деді. Екінші ұсыныс - "өтпей қалсаң шулатпай-ақ қойшы" деді. Ол әлі Amanat-қа келмей тұрған кезім. Сол жерде әңгімелескен кезде бұл әңгіме ешқайда шықпасыншы деді. Ұсыныс болғанын айтамын, бірақ сіздерді айтпай-ақ қояйын дедім. 

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз