Ағзадағы D дәрумені тапшылығын қалай білуге болады?

Әлем бойынша көптеген адам D дәруменінің тапшылығымен қиналады. Көктем - оның қорын толтыруға жақсы уақыт. Өзіңіздегі D дәрумені тапшылығын анықтау қиын емес, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

D дәрумені тапшылығы жайлы мына белгілердің жиынтығынан білуге болады:

  • сүйектердің, бұшықеттердің және буындардың ауыруы;
  • себепсіз шаршай беру;
  • нашар ұйқы;
  • шаштың түсуі;
  • жиі ауыра беру;
  • депрессия, мазасыздық және көңіл күйдің бұзылуы.

Нақты диагнозды дәрігер қан анализінің нәтижесі арқылы қоя алады. Ал жоғарыдағы белгілер - дәрігерге қаралуға себеп. 

Көктемгі күн сәулесі - ағзада D дәруменінің синтезделуіне ықпал ететін тегін "дәрі". D дәрумені ағзадағы фосфор мен кальцийдің тиісті деңгейін ұстап тұруға, яғни тістер, сүйектер, бұлшықеттер саулығына жауап береді.

Сондай-ақ, ол иммунитеттің, жүрек-қан тамырлары, жүйке, асқорыту және басқа да жүйелердің қызметін реттейді. 

Егер ультракүлгін сәулеленуге қарсы көрсетілімдер болмаса, ағзада D дәрумені синтезделуі үшін көктемде және жазда күн сайын кем дегенде 20 минут күн сәулесі астында болу жеткілікті.

Егер сізге күннің астында көп жүруге болмайтын болса, D дәрумені деңгейін тамақ арқылы толтыра аласыз. Ол албырт, тунец, сардина, балық майы, жұмыртқаның сарысында болады. Ал биологиялық қоспалар түріндегі арнайы препараттарды тек дәрігер тағайындай алады.

Дәрумендер мен минералдар: магний жайлы не білу керек?