Дәрумендер мен минералдар: магний жайлы не білу керек?

Дәрумендер мен минералдар: магний жайлы не білу керек?
Фото: ru.freepik.com

Магний – адам ағзасының барлық тінінде болатын маңызды элемент. Ол жасушалардың толыққанды жұмыс істеуі үшін қажет. Магнийдің адам ағзасы үшін пайдасы қандай және ол қандай тағамдарда болады? Massaget.kz магний жайлы толық ақпарат ұсынады.

Магний – қалыпты зат алмасуға қажетті элемент. Сондай-ақ ол сүйектер мен бұлшықеттер саулығына, жүйке және иммунды жүйеге қажет. Бұл элемент артериялық қысымды азайтуға және бұлшықеттердегі ауырсынуды басуға ықпал етеді. Магний ішектер жиырылуын ынталандырады, ішектерден холестеринді шығаруға көмектеседі және өттің ағуын жақсартады. Магнийдің тәуліктік нормасы - шамамен 250-500 мг.

Ағзаға магний жетіспейтінін көрсететін белгілер:

  • Ішек аурулары;
  • Ашуланшақтық, эмоциялық жағдайдың нашарлауы;
  • Бұлшықеттер ауыруы және құрысуы;
  • Жүрек аритмиясы;
  • Иммунитеттің түсуі;
  • Сүйек тінінің бұзылуы.

Магний қандай тағамдарда бар?

Жаңғақтар. Жаңғақтар магний қорын толтыруға көмектеседі. Оларда пайдалы заттардың көп мөлшері бар: омега-3, майлар, ішектің жұмысында маңызды рөл атқаратын өсімдік талшықтары. Әсіресе, бадам, кешью, қарағай жаңғағы және жержаңғаққа аса мән беріңіз.

Қарақұмық. Қарақұмықтың пайдасы туралы бәрі білетін сияқты. Онда маңызды аминқышқылдары, темір, мырыш, мыс, фолий қышқылы, В дәрумендері көп мөлшерде бар. Калий мен магнийдің арқасында қарақұмық жүрекке пайдалы.  Ол қан тамырларын нығайтады және қант диабетінің даму ықтималдығын азайтады.

Халва. Шығыс тәттісі салыстырмалы түрде жоғары калориялы болуына қарамастан, пайдалы элементтерге бай өте қоректік тағамдар санатына жатады. Күнбағыс халвасы физикалық және психикалық күйзелісті теңестіреді, тіпті кішкене бөлік сізді қуаттай алады, ал тұрақты порциялық пайдалану тұрақты қан қысымына (магний) әкеледі, жүйке жүйесін нығайтады (В дәрумені) және есте сақтауды жақсартады (Е дәрумені).

Теңіз балдыры. Магний қорын табиғи жолмен толтырудың тамаша тәсілі - диетаңызға теңіз балдырларын қосу. Бізді қызықтыратын компоненттен басқа, өнім фосфорға, йодқа, май қышқылдарына және натрийге бай.

Қызыл уылдырық. Қызыл уылдырық - бұл дәмді әрі пайдалы деликатес. Көп мөлшерде темір, ақуыз, май қышқылдары, толық витаминдер кешені, олар бірге иммундық жүйені қолдап, нығайтады, жүйке жасушаларын энергиямен қоректендіреді.

Ащы шоколад. Бұл тәтті десерттерді алмастыру арқылы бізге көмектеседі, өйткені әдетте оның құрамында зиянды қоспалар, бояғыштар және консерванттар жоқ. Сонымен қатар, ол ми жасушаларының қартаю процесін баяулатады, когнитивтік функцияны ынталандырады, холестеринді төмендетеді және жүрек-қан тамырлар жүйесінің жұмысын жақсартады. Тағы бір бонус - шоколад көңіл-күйді жақсартатын және тиімділікті арттыратын антидепрессанттың бір түрі ретінде әрекет етеді.

Магний сондай-ақ дәнді-дақылдар, дәндер, какао, соя, кепкен жемістер, жапырақты көкөністер және сүтті өнімдерде болады.

Алайда кей азық-түлікті көп мөлшерде тұтыну магнийдің ағзаға сіңуін қиындатады. Магнийдің сіңуіне мына өнімдер кедергі келтіруі мүмкін:

  • шай;
  • кофе;
  • қарапайым тұз;
  • ұн, макарон, бөлке нан;
  • тазартылған май;
  • кей саңырауқұлақтар;
  • алкоголь.

Қай кезде қосымша магний ішу керек?

Адам ағзасы магнийді белсенді жұмсап тастайтын жағдайлар болады. Мұндай кезде қажеттілікті тек үйлесімді тамақтану арқылы қанағаттандыру мүмкін емес болуы мүмкін. Бұл жағдайда дәрігерлер қосымша магний препараттарын ішуді ұсынуы мүмкін.

Әдетте кімдерге қосымша магний ішуді ұсынылады:

  • Күйзелістегі адамдар. Эмоционалды және психикалық жүктемелер магний шығынын арттырады;
  • Спортшылар. Магний физикалық төзімділікті және жұмысқа қабілеттілікті арттырады, бұлшықеттер мен сүйек тіндерінің жүктемелерден соң жылдам қалпына келуіне көмектеседі.
  • Климакс кезеңіндегі әйелдер;
  • Қатаң диета ұстайтын адамдар;
  • Темекі тартатын адамдар. Себебі никотин магнийдің ағзадан шығуын ынталанырады.

Еске салайық, дәрігер ББҚ – дәрі болмаса да, қауіпсіз препараттар емес екенін айтты. Сондықтан оларды өз бетінше іше беруге болмайды.

"Мысалы, ағзада қандай да бір дәруменнің немесе минералдың көп болуы бауыр және бүйрекке күш түсіруі мүмкін", - деп ескертті Ақбота Сейтмағұлова.

Оқи отырыңыз: Нутрициолог шайға тәуелділіктен арылу үшін не істеу керегін айтты

А. Жапатова