Ыстамбұлдағы іріктеу: Дін-Мұхаммед Қошқар жолдамаға таласады

Түркияның Ыстамбұл қаласында өтіп жатқан күрес түрлерінен Олимпиадаға іріктеу турнирінде Дін-Мұхаммед Қошқар жолдамаға таласады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Грек-рим күресінен 67 келі салмақта белдесетін Қошқар қола медаль үшін таласта қытайлық Лей Лиді 10:0 есебімен жеңді. 

Енді қазақстандық балуан Олимпиада жолдамасын сарапқа салатын белдесуде египеттік Мохаммед Ибрахим Елсайедпен белдеседі. 

Айта кетейік, жұбаныш белдесуінде Дін-Мұхаммед Қошқар ресейлік Аслан Визаитовті жеңген болатын. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!