Ресейдің премьер-министрі сайланды

Ресейде Мемлекеттік Дума депутаттары Михаил Мишустинді премьер-министр қызметіне қайта сайлауға дауыс берді. Бұл туралы РФ парламентінің төменгі палатасының баспасөз қызметі мәлімдеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

375 депутат Мишустиннің кандидатурасын жақтап дауыс берді, қарсы болғандар жоқ, ал 57 депутат дауыс беруден қалыс қалды.

Еске салайық, 7 мамырда Михаил Мишустин үкіметті отставкаға жіберу туралы бұйрыққа қол қойған болатын. Бұл Владимир Путиннің бұрынғы президенттік мерзімінің аяқталуына байланысты автомат түрде жасалды.

Михаил Мишустин алғаш рет 2020 жылғы қаңтарда Ресей үкіметін басқарды.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!