Дәрігер ас содасының қаупін ескертті

Дәрігер ас содасының қаупін ескертті
Фото: cht.kz

Гастроэнтеролог Екатерина Кашух ас содасының қаупін ескертті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Доктор Питер" басылымына сілтеме жасап. 

Маманның айтуынша, ас содасын қыжылды емдеу үшін қолдануға болмайды, себебі бұл қатерлі ісік қаупін арттырады.

"Сода асқазандағы қышқылды сілтімен жояды, бірақ бұл әрекет ұзаққа созылмайды, сондықтан дене тұз қышқылын белсенді түрде шығарады. Ал бұл қыжылдың одан сайын күшеюіне және іш кебуіне әкеп соғуы мүмкін", - деді дәрігер.

Кашухтың айтуынша, дегенмен сода тамақ ауруын жеңуге көмектеседі. Ол бұл жағдайда соданы қолдануға болатынын жеткізді.

Еске салайық, бұған дейін ас содасының денсаулыққа пайдалы 6 қасиеті аталды.

Ас содасын киім тазалауда қалай пайдалануға болады?

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

Ж. Қадыржанова