Ас содасын киім тазалауда қалай пайдалануға болады?

Ас содасын киім тазалауда қалай пайдалануға болады?
Фото: cht.kz

Ас содасы киім тазалауда әртүрлі жағдайда көмектесуі мүмкін, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі lifehacker.ru-ға сілтеме жасап.

  • Жағымсыз иістерден арылуға көмектеседі

Киім мен төсек-орыннан уақыт өте келе иіс шыға бастайды, өйткені олар терімізден бактериялар жинауы мүмкін. Кіржуатын заттың құрамындағы ферменттер бұл бактерияларды ыдыратады. Бірақ кіржууға арналған заттар әрдайым онымен күресе алмайды.

Ол үшін кір жуған кезде жарты кесе сода қосыңыз. Егер сізге тер немесе темекі түтіні сияқты иістерден арылу қажет болса, жуар алдында киімді содалы суға батырып алыңыз. Жылы су құйылған ыдысқа бір шыны сода қосып, заттарды түнге қалдырыңыз. Содан кейін оларды әдеттегідей жуыңыз.

  • Матаны жұмсартуға көмектеседі

Салқын суда киім жуған кезде матасы қатая түседі, өйткені онда еріген металл тұздарының бөлшектері қалып қояды. Сода онымен күресуге көмектеседі. Жақсы нәтиже алу үшін киімдерді шаю кезінде жарты кесе сода қосыңыз.

  • Киімдердің өңін кіргізу үшін

Натрий бикарбонаты ақ киімдерді ағартады, ал ашық түсті киімдердің өңін кіргізеді. Ол үшін кір жуатын машинаның барабанына жарты кесе сода құйып, киімдерді әдеттегі ұнтақпен жуыңыз. Бұл, әсіресе, мақтадан жасалған киімдерге, соның ішінде жұқа төсек-орынға сәйкес келеді.

  • Дақтарды кетіру үшін

Май және тамақ дақтарымен күресу үшін бір ас қасық сода мен кішкене суды араластырып, паста жасау керек. Оны даққа жағып, 15 минутқа қалдырыңыз. Егер мата тығыз болса, ластанған жерді тіс щеткасымен сүртуге болады. Содан кейін киімді жылы сумен шайыңыз, кейін әдеттегідей жуыңыз.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова